2025 жылдың 25 қыркүйек күні Еңбек күніне орай «Адал еңбек – асыл қазына» тақырыбында жалпы және ұсақ моториканы дамытуға арналған түзету сабағы жүргізілді. Әңгімелесу кезеңінде «Адал іс деген не?», «Адал адам қандай болады?» деген сұрақтар қойылды. Балалардың жауаптары тыңдалып, ата-аналарының еңбегі мысал ретінде аталды. Осы арқылы адал еңбектің құндылығы айқындалды. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында артикуляциялық жаттығулар («Балға», «Күрек», «Тігін машинасы») орындалды. Жаттығулардың көмегімен балалардың сөйлеу мүшелерінің қимылы дамытылды. Сөздік жұмысында әртүрлі мамандық иелерінің суреттері қолданылды. Балалар суреттерге қарап сөйлемдер құрап айтты. Бұл жұмыс барысында еңбек адамдарының қызметі таныстырылды және жаңа сөздер меңгерілді. Шығармашылық жұмыс кезеңінде балаларға сурет салу, өлең оқу, шағын әңгіме құрастыру тапсырмалары берілді. Осы арқылы олардың қиялы мен тіл байлығы дамытылды.
Түзету сабағына қатысушылар:
- 2 «В» сынып оқушысы Мұратбек Мадияр Дарханұлы
- 2 «В» сынып оқушысы Серік Имран
