Skip to content

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “АЙБЫН” ер балалар ұйымының…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “АЙБЫН” ер балалар ұйымының оқушыларына «Тәртіпке бағынған – құл болмайды» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Тәртіп – тұлғаны шектейтін құрал емес, керісінше оның қауіпсіздігін, құқығын, еркіндігін қорғауға бағытталған маңызды құндылық.
Өзгерістерге толы қазіргі қоғамда әрбір оқушының заңды білуі, жауапкершілікті сезінуі, қауіпсіздік ережелерін сақтауы – оның болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан бүгінгі кездесуіміз жасөспірімдер үшін өте өзекті.
Кездесудің құрметті қонағы, қоғам тыныштығын, азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген Шалқар аудандық ЖЛҚБ КТІ УПИ полиция капитаны- Нағымбаев Еркебұлан Түгелбайұлы.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, интернеттегі қауіпсіздік, қоғамдық орында өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы кеңінен әңгімелді.
Қатысқан оқушы сан: 61
Ұйымдастырған: Б.А.Машаков

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *