«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 9-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында «Футбол» жарысы өтті.
Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ жас ұрпаққа үлгі болу.
Ойын барысында екі команда да жоғары деңгейде дайындық пен шынайы спорттық ынтаны көрсетті. Түлектер мен мұғалімдер арасындағы бәсеке өзара сыйластық пен татулық аясында өтті. Жанкүйерлер тарапынан қолдау ерекше болды – оқушылар, әріптестер белсенді түрде қатысып, командаларға жігер беріп отырды.
Нәтижесінде:
1 орын – Мұғалімдер командасы
2 орын – 9а сынып командасы
3 орын – 9 сынып құрама команда
Футбол жарысы – мектеп қабырғасында біліммен ғана шектелмейтінін, сондай-ақ тәрбиелік, рухани, әлеуметтік бағыттағы жұмыстармен де тығыз байланысты екенін айқын көрсетеді.
Қатысқан оқушы саны: 35
Өткізген: Дене шынықтыру пәні нұсқаушылары Б.А.Машков, Н.М.Зинельабдин
