Skip to content

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылдың 27 қараша…

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылдың 27 қараша күні 5-6 сынып оқушылар арасында мектепішілік «Асық ату», «Бес асық» жарысы ұйымдастырылды.
Қазақ халқының ұлттық рухын көтеретін, ата-бабамыздан мирас болып жеткен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, жас буынның бойында ептілік, шапшаңдық, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыратын сонымен қатар көнеден келе жатқан асыл мұраларының бірі, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі — «Асық ату», «Бес асық» ойыны.
Бүгінгі жарыс — асыл мұраны дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл — дәстүрді жалғап қана қоймай, жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулудың, олардың ынтасын арттырудың, топ алдында өзін көрсетуіне мүмкіндік жасаудың тамаша жолы.
Аталған шараның құрметті қонақтары:
Шалқар ауданы білім бөлімінің бас маманы Ақмалай Дидар Амағосқызы
Мектебіміздің ардар ұстазы Аспантаева Нағира Алтынбайқызы
Жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ерекше икемділік, мергендік және спорттық шеберлік танытқан оқушыларымыз марапатталды.
Асық ату 5 сынып ер балалар арасында
1 орын Сүйеубай Низам
2 орын Тұрақбаев Ерзат
3 орын Алдамжар Мансур
3 орын Рустамұлы Аслан
Асық ату 6 сынып ер балалар арасында
1 орын Елібай Шалқар
2 орын Мұратбек Айсұлтан
3 орын Мұратбай Нұрислам
3 орын Сүгір Мансур
Бес асық 5 сынып қыз балалар арасында
1 орын Сақыпадин Альфия
2 орын Нағашыбаева Іңкар
3 орынМырзағали Айзере
3 орын Алдадосова Айназ
Бес асық 6 сынып қыз балалар арасында
1 орын Аманғосова Алтынзер
2 орын Медет Деляра
3 орын Резванова Назым
3 орын Қазбекова Айару

Қатысқан оқушы саны: 80
Ұйымдастырған: дене шынықтыру пәні нұсқаушылары:
Б.А.Машаков, Н.М.Зинельабдин

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *