“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылдың 22 қараша күні 6-7 сынып қыз балалар арасында “ВОЛЕЙБОЛ” ойынынан ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ өтті.
№5 мектеп-лицей командасы және №1 мектеп- гимназия командасы.
Мақсаты — мектептер арасындағы ынтымақтастықты арттыру, оқушылардың достық байланысын нығайту және салауатты өмір салтын қолдау.
Жарыс бірнеше қызықты сәттерге толы болды, командалар өз шеберлігін көрсетіп, бір-біріне құрметпен қарады. 🤝✨
Кездесу достық жеңісімен аяқталды.
Өткізген: дене шынықтыру пәні нұсқаушысы Б.А.Машаков
