Skip to content

Мектеп тарихы

Ауданымызда 117 жылдық тарихымен танылған, №5мектеп –лицейі, көгалдандыру жұмысын бірізді әрі жүйелі ұйымдастыра алу көшбасшылығына ие.

Ауданымыздың эологиялық аймақ екенін ескерсек, аталған жұмыспен жүйелі жұмыстануымен өзінің ғана емес, бүтіл ауданның көркіне қосқан үлесі екені анық.

Сан ғасырлық тарихымен танылған білім ордасының тәлім -тәрбие берумен қатар абаттандыру ісімен үлгі бола алатыны біз үшін зор мақтаныш.

Жазғы маусымда жұмысын қайта жаңғырып, алыстан көз тартып, ерекше көңіл сыйлайтын орын – мектептің оқу тәжірибе алаңы. Алдымен жазғы еңбек тоқсанына қатысушы оқушылардың үлесімен жері қопсытылып, құнарту, қопсыту, тазарту жұмыстары жүргізіліп, дәнді дақылдардың егу жұмыстарына әзірленеді.

Екінші кезеңде кәсіби бағбаншымыздың нұсқаулығымен қызанақ,  қияр сәбіз, көк жуа, қырыққабат, баялды секілді көкөністердің дәні егіліп, уақытылы суғару, күтіп баптау жұмыстары жалғасады.  

Қазіргі таңда күнбе –күн баптаудың нәтижесінде жемісін беруде.

Тәжірибе алаңында ерекше тартымдылығымен көзге түсетін гүлдер, оның ішінде: раушан, кань гүлдерінің реттілікпен орналасуы көңілге қуаныш сыйлайды.

Субұрқақтың салқын суы да аптап ыстықта жаныңның жадырауына септігі зор. Сондай-ақ, шырша мен жапырағы жайылған талдардың саясында дем алу көңілді жадыратып, әрбір қиюы келісіп өскен жаратылыстың артында үлкен еңбектің тұрғанын түсінесің.

Оқу – тәжірибе алаңы әрбір шәкіртті еңбекке баулуда тағылымды тәрбие көзі екендігінің айқын көрінісі.

Білім алушылардың көркем эстетикалық талғамын қалыптастыруда білім ордасының тартымды, таза болуы және көгалдандыру жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы маңызды.

Мектеп ауласына кіре берістен бастау алатын әсем гүлзарлар және  ұрпақтар сабақтастығы іспеттес тамырын тереңінен алатын ну қарағайлы, қайың ағаштарының  керемет көрінісі көз тойдырмас көрініске ие.

Ерекше бір реттілікпен қатар тізілген ағаштардың легі де тәрбие ордасының тәртіп пен ұқыптылыққа,

жинақылыққа, тазалыққа үндейтіндей.

Күтімі мен келбеті үйлескен бұл көріністер кез келген адамның назарын аудартуы-  білім ордасындағы талап пен талғампаздықты, еңбекқорлықты басты назарда ұстанатын тәрбие алаңының айғағы.