Отбасы – тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарыигеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Отбасы шағын мемлекет. Оның тірегі әке мен ана. Үлгілі жанұя үлкен қазына. Қазақ халқында «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөз бар. Ұлы мен қызына тәрбие беретін ата-ананың парызы мен қарызы үлкен. Халық айтса, қалт айтпайды, Отан отбасынан басталады. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген даналық сөзінде үлкен ғылыми тұжырымдаманы көрсетеді. Отбасы татулығы мен үйлесімділігі ата-ана мен бала және ерлі зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік сезімімен тығыз байланысты. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында өзара түсіністік, сыйластық, көмек тек қана отбасы мүшелерінің арасында сүйіспеншілік сезімі болғанда ғана бақытты жандардан тұратын отбасына айналады. Тұлға отбасында өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі, адам баласының алтын діңгегі. Әрбір некенің мызғымас берік болуы үшін ерлі-зайыптылар арасындағы ауызбіршіліктің алар орны ерекше. 13 қыркүйек Отбасы күніне орай “Отбасы-бақыт мекені” атты мектеп жастарының арасында тұрмыс құрған ең жас отбасылармен сұхбат өткізілді. Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру.
Қатысқан отбасы саны: 2
Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева


