2024 жылдың 29 қараша күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “Әділдік пен жауапкершілік” айы аясында “Заң және тәртіп» атты құқықтық айлық барысында 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен “Құқық бұзушылық және жасөспірім” тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: Окушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Окушылардың құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, мөлтек ауданға қарасты дүкендерге ата-аналарсыз кіруге, рұқсатсыз заттарды алуға болмайтындығы туралы кең ауқымды түсіндірме жұмысын жүргізу.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Қатысқан оқушылар саны: 87
Қатысқан қонақтар:
- Аудандық Полиция бөлімінің ЖЛҚБ КТІ УПИ полиция капитаны Е.Т. Нагымбаев.
Ұйымдастырушы: мектептің әлеуметтік педагогы П.А.Бакеева.


