Skip to content

Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткен «Күзгі асар» атты қайырымдылық жәрмеңке АНЫҚТАМА

      Күз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз-байлық, молшылық және қауырт еңбек кезеңі. Осы орайда оқушылардың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту, риясыз мейірімді болуға үйрету, ой, сөз , қол бірлесітігі туралы ұғымын кеңейту мақсатында №5 лицейінде 08 қараша күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы негізінде оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен “Күзгі асар” жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Ата-аналар мен оқушылар түрлі қолдан пісіріп дайындаған тағамдарын I ауысым оқушыларына төменгі бағада ұсынды. Жәрмеңке соңында жиналған қаражатты ата-аналар мектебіміздің қайырымдылық жәшігіне әкеліп салды. Жәрмеңкеге ат салысқан барлық ата-аналар мен оқушыларға алғысымыз шексіз.

Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева

Қатысқан оқушылар саны: 70

Қатысқан ата-ана саны: 7

Ұсыныс:

  1. Жәрмеңкеге қатысытын ата-аналардың белсенділігін арттыру.
  2. Оқушылардың жәрмеңкеге деген қызығушылын ояту.

Ұйымдастырған: П.А.Бакеева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *