Skip to content

Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткен «Бала құқығы-асыл қазына» атты дөңгелек үстел АНЫҚТАМА

2024 жылдың 22 қараша күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “Әділдік пен жауапкершілік” айы аясында”Заң және тәртіп» атты құқықтық айлық барысында “Бала құқығы—асыл қазына” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Окушылардын құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

        Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады. Балалардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Адамның құқықтық мәдениеті өте күрделі. ХХІ ғасырдың лайықты азаматы етіп қалыптастыру педагогтар мен ата – аналардан сындарлы жауапкершілікті талап етеді. Біздің мақсатымыз еліміздің өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, қоғамдық өмірге икемделген, біліммен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу болып табылады.

Қатысқан оқушылар саны: 22

Қатысқан қонақтар:

1.Шалқар аудандық “Жастар ресурстық орталығының” директоры А.Е.Ембергенов.

2.Аудандық Полиция  бөлімінің ЖЛҚБ КТІ УПИ полиция капитаны Е.Т. Нагымбаев.

3.”Аналар” кеңесінің  төрайымы А.Ж. Маштаева.

Ұсыныс:

  1. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жиі өткізу.
  2. Топтық жұмыстарға оқушылардың белсенділігін арттырып, өз ойларын ашық айтуға машықтандыру.
  3. Сынып жетекшілер тарапынан оқушылармен жекелей жұмыс жасауға белсенділігін арттыру.

Ұйымдастырушы: мектептің әлеуметтік педагогы П.А.Бакеева.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *