Skip to content

Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткен «Алия гүлдер» орталығында шебер класс АНЫҚТАМА

       Гүлдер салонына шебер класс — бұл гүлдермен және флористика өнерімен байланысты тәжірибе алмасу шарасы. Мұнда қатысушылар гүл композицияларын жасау, сәндік элементтерді қолдану, гүлдерді әртүрлі әдістермен орналастыру бойынша арнайы техника мен дағдыларды меңгереді. Шебер класс барысында кәсіби флорист өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға шығармашылық ойлау мен гүлдерді безендірудің нәзік өнерін үйретеді. Сондай-ақ, бұл іс-шара жаңа гүл композицияларын жасауға қызығушылық танытқан адамдар үшін пайдалы әрі қызықты болып табылады.

         Гүл безендіру – бұл стиль мен талғамды ғана емес, сонымен қатар өсімдіктер туралы білімді, көз қуантып, жағымды эмоциялар беретін композициялар жасай білуді талап ететін өнер. Біз бірегей гүл композицияларын жасау арқылы әлемімізді күн сайын жарқыратып, әдемі етіп жүрген «Алия гүлдер» гүл орталығының флорист маманы Бисенбаева Әлия Серікқалиқызымен тілдесуді жөн көрдік.

       2024 жылдың 5 желтоқсан күні оқушылардың бойында креативтік ойлау дағдысын дамыту мақсатында мектепшілік есепте, толық емес отбасы тізімінде және жекелеген санат отбасы тізімінде тұрған  4 а сынып оқушыларына «Алия гүлдері» салоны шебер класс өткізді.

Бұл шебер класста қатысушылар гүлдерді сәндеу, гүлдермен композициялар жасау, флористика өнерінің түрлі техникаларын үйренді. Шебер класс арқылы тыңдаушылар өз шеберліктерін дамытып, шығармашылық дағдыларын арттыра алды.

Қатысқан оқушы саны: 14

Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *