Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдің қоғамдағы орны қай заманда да ерекше. Себебі ер азамат шаңырақтың иесі, ал әйел отбасының алтын қазығы. Оның жағдайы, амандығы, тыныштығы қоғам алдындағы негізгі міндет болуы тиіс.
Ұлы Даланың қойнауында көшіп-қонып жүрген уақыттарда әйелдердің рөлі бала тәрбиесі мен үй шаруашылығымен айналысумен ғана шектелген. Ол кездегі қазақ қоғамында әйелдердің мүмкіндіктері барлық жағынан шектеулі болды. Сонымен қатар әртүрлі бағыттағы тыйымдарға мойынұсынып, сол врқылы өмір сүргендерін біздер жоққа шығара алмаймыз. Ал Әйелге қойылған талаптардың қазақ қоғамында бірте-бірте реттеліп, қоғамға тікелей ықпал еткен қазақ зиялылары болды.Анығырақ Қазақстаннның қоғамдық өмірінде өшпестей із қалдырған, әйелдердің қоғамдағы орны тек үй шаруасымен шектелмейтінін көрсетіп, қоғамдағы орнын көрсеткен отандық тарихымыздың Асқар тау белесі Алаш қозғалысы болатын.
Қазір біздің қоғамда баяғы дәстүрдегі«әйелдің орны ошақ қасы», «еркек сөйлеп жатқанда сөйлеме» тағы да басқа айтылатын рухани кедергілердің әлі де барын көзбен көріп те жүрміз. Тіпті етіміз үйреніп те кеткен. Алайда көзі ашық көкірегі ояу болу нәсілге қараған емес, қарамайды да. Себебі қазір қоғамда белгілі бір мекемеге басшылық етіп жүрген, сабақ беріп, ұстаздық етіп жүрген, одан қалды көлік мініп шаруашылықпен айналысып жүрген әйелдер де жетерлік.
Қоғамдағы отбасы құрған жастар арасындағы кикілжіннің көбісі осы мәселеге тіреліп жатыр. Отбасында әйелмен кеңесіп, оның көзқарасымен, ойымен санаспайды. Тіпті, психологиялық та, физикалық түрде де күйеуінен зәбір көріп жүрген келіншектердің саны да артуда. Одан қалды әйелін тек туыс-туғандарымен араластырып, жұмысжасатпай үйге қамап қоятын ер азаматтар да өкінішке орай баршылық.
Негізінде отбасындағы теңдік ол әйелге көрсетілген құрметтің белгісі. Себебі әйел адам – отбасының ұйытқысы, берекесі. Ғабит Мүсірепов айтқандай «Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тез еселеп қайтаруға тырысады».Әйелге көрсетілген өолдау күллі әлемді өзгертуге себін тигізері анық.
2024 жылдың 12 желтоқсан күні мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында Шалқар аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бекетова Маржан Қалдауқызы, Шалқар ауданы ІІБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы полиция капитаны Журмагамбетова Бекзада Алмасқызы, №5 мектеп-лицейінің «Аналар» кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Отбасындағы әйелдің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс шарада қоғамдағы маңызды тақырыптар талқыланып, мектеп психологі К.Г.Карібайқызы сергіту жаттығуларын жүргізді.
Қатысқан ата-ана саны: 15
Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.



Әйелдің отбасындағы рөлі.
Мақсаты: Әйел адамның қоғамда алатын орны мен оның өмірдегі ерекше жан екендігін көрсететін қасиеттері мен рөлін жеткізе отырып, оқушылардың бойына ананы жалпы үлкен кісілерді ардақтауды, құрметтеуді, қастерлеуге үйрету, тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, бүгінгі шараға қатысушылар! Бүгін біз сіздермен «Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» акциясы аясысында өткелі отырған жалпы әйел қауымының отбасындағы рөлінің маңыздылығы, әйел адамның отбасындағы құндылықтары және зорлық-зомбылық фактілерін болдырмау жолдары туралы талқылайтын боламыз.
Олай болса бүгінгі қатысушы қонақтармен таныс болыңыздар.
1. Шалқар аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бекетова Маржан Қалдауқызы
2. Шалқар ауданы ІІБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы полиция капитаны Журмагамбетова Бекзада Алмасқызы
3. “№5 мектеп-лицейінің “Аналар”кеңесі мүшелері
Жүргізуші: Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдің қоғамдағы орны қай заманда да ерекше. Себебі ер азамат шаңырақтың иесі, ал әйел отбасының алтын қазығы. Оның жағдайы, амандығы, тыныштығы қоғам алдындағы негізгі міндет болуы тиіс.
Ұлы Даланың қойнауында көшіп-қонып жүрген уақыттарда әйелдердің рөлі бала тәрбиесі мен үй шаруашылығымен айналысумен ғана шектелген. Ол кездегі қазақ қоғамында әйелдердің мүмкіндіктері барлық жағынан шектеулі болды. Сонымен қатар әртүрлі бағыттағы тыйымдарға мойынұсынып, сол врқылы өмір сүргендерін біздер жоққа шығара алмаймыз. Ал Әйелге қойылған талаптардың қазақ қоғамында бірте-бірте реттеліп, қоғамға тікелей ықпал еткен қазақ зиялылары болды.Анығырақ Қазақстаннның қоғамдық өмірінде өшпестей із қалдырған, әйелдердің қоғамдағы орны тек үй шаруасымен шектелмейтінін көрсетіп, қоғамдағы орнын көрсеткен отандық тарихымыздың Асқар тау белесі Алаш қозғалысы болатын.
Қазір біздің қоғамда баяғы дәстүрдегі«әйелдің орны ошақ қасы», «еркек сөйлеп жатқанда сөйлеме» тағы да басқа айтылатын рухани кедергілердің әлі де барын көзбен көріп те жүрміз. Тіпті етіміз үйреніп те кеткен. Алайда көзі ашық көкірегі ояу болу нәсілге қараған емес, қарамайды да. Себебі қазір қоғамда белгілі бір мекемеге басшылық етіп жүрген, сабақ беріп, ұстаздық етіп жүрген, одан қалды көлік мініп шаруашылықпен айналысып жүрген әйелдер де жетерлік.
Қоғамдағы отбасы құрған жастар арасындағы кикілжіннің көбісі осы мәселеге тіреліп жатыр. Отбасында әйелмен кеңесіп, оның көзқарасымен, ойымен санаспайды. Тіпті, психологиялық та, физикалық түрде де күйеуінен зәбір көріп жүрген келіншектердің саны да артуда. Одан қалды әйелін тек туыс-туғандарымен араластырып, жұмысжасатпай үйге қамап қоятын ер азаматтар да өкінішке орай баршылық.
Негізінде отбасындағы теңдік ол әйелге көрсетілген құрметтің белгісі. Себебі әйел адам – отбасының ұйытқысы, берекесі. Ғабит Мүсірепов айтқандай «Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тез еселеп қайтаруға тырысады».Әйелге көрсетілген өолдау күллі әлемді өзгертуге себін тигізері анық.
- Назарларыңыз экранда болсын! (ВИДЕО)
- Видеоны талқылау.
Жүргізуші: Түйіндей айтқанда, әйел қоғамның тірегі, мемлекет дамуының тұғыры. Тәуелсіздік жылдарында тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда әйелдер қауымының үлесі зор болған болса, ендігі күні де елдік саясаттың осы бағытында мемлекет те нәзікжандылардан ұдайы қолдауға сүйенеді. Өйткені, ел болашағының барлығы, тыныштық пен тұрақтылық саясатының өзегі де әйел азаматтарының қолынан өтеді.
Қазіргі қоғамдағы әйел адамның отбасы алдындағы міндеттері қандай?
Әйелдің отбасының тәрбиесіне, дамуына қосатын үлесі қандай?
Отбасында әйел мен ер адамның рөлдерінің теңдігі қалай жүзеге асады?
Әйел адамның жұмысы мен отбасы арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады?
Отбасындағы әйел адамның эмоционалдық қолдауы мен тәрбие беру рөлі қалай сипатталады?