Skip to content

Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткен «Қамқорлық-менен және сенен басталады» атты қайырымдылық жәрмеңке АНЫҚТАМА

             Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.

Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),

Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. 

         Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Ал мұқтаж жандарға қамқорлық жасау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз.  Осы орайда 2024 жылдың 12 желтоқсан күні мектебімізде 9 сыныптардың қатысуымен оқушылардың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту, риясыз мейірімді болуға үйрету, ой, сөз , қол бірлесітігі туралы ұғымын кеңейту мақсатында “Қамқорлық-менен және сенен басталады” атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйыдастырылды.

Қатысқан оқушылар саны: 67

Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *