2025 жылдың 7 ақпан күні мектебімізде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 8-сыныптардың қатысуымен оқушылардың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту, риясыз мейірімді болуға үйрету, ой, сөз , қол бірлесітігі туралы ұғымын кеңейту мақсатында «Жүрегіңді мейірімділікке толтыр» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйыдастырылды.
Жүрегіңді мейірімділікке толтыр» жәрмеңкесінде түрлі тәттілер мен кондитерлік өнімдер дайындалып, сатылымға шығарылды. Аталған жәрмеңкеде қатысушылар өз қолдарымен пісірген тәттілерін ұсынып, әртүрлі дәмді тағамдар мен кондитерлік өнімдерді сатып, жиналған қаражатты әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсайды. Жәрмеңке арқылы мейірімділік, қайырымдылық және қоғамдастық құндылықтарын насихаттау көзделеді.
Жәрмеңкемізге қолдау көрсеткен сынып жетекшілер мен оқушыларға алғыс айтамыз! Көмектеріңіз біздің қоғамға үлкен өзгеріс әкелетіні сөзсіз. Сіздермен бірге осындай жақсы іс жасау – үлкен бақыт!
Қатысқан оқушылар саны: 60
Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева


