2025 жылдың 23 қаңтар күні жасөспірімдердің дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, олардың денсаулығын нығайту мақсатында “Тиімді тамақтану – денсаулық кепілі” апталық аясында шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру үшін арнайы жұмыстар ұсынылды. Шараға Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Берденова Қаламқас Қапанқызы қатысып, жасөспірімдер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастырудағы өте маңызды және пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Тиімді тамақтану — бұл адамның денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында дұрыс және теңдестірілген тамақтану қағидаларын ұстану процесі. Мұнда адамның организмінің барлық қажеттілігі ескеріледі: энергия, дәрумендер, минералдар, ақуыздар, майлар мен көмірсулар. Тиімді тамақтану туралы маманмен кездесу көбінесе денсаулықты жақсарту, салмақты бақылау, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру және жалпы денсаулықты нығайту мақсатында өткізілді.
Қатысқан оқушы саны: 78
Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева

