Skip to content

Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткен «MEDAL» кондитерлік үйі шебер класс АНЫҚТАМА

             2025 жылдың 8 қаңтар күні жасөспірім қыздарды аспаздық өнерге баулу, бойларына ұқыптылық, шеберлік, танымдық қасиеттерін дамыту мақсатында 7- сынып қыз балалары “МЕДАЛ” кондитерлік үйіне шебер класқа қатысып қайтты. Шебер класс барысында қатысушылар түрлі тәттілерді жасау техникасын, сәндеу әдістерін, кондитерлік өнердің құпияларын үйренді. Мұндай шеберлік сағаттары көбіне практикалық сипатта болып, әрбір қатысушыға жеке тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Бұл іс-шара қыз балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз қолымен тәттілер жасау арқылы сенімділік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік берері анық. Шебер класс өткізген “МЕДАЛ” кондитер иесіне мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.

Кондитерлік үйде шебер класс өткізу – бұл оқушыларға кондитерлік өнімдерді дайындау өнері мен технологиясын үйрету процесі. Шебер класста оқушылар кондитерлік десерттер мен тәтті тағамдар жасаудың негіздерін үйренеді. Мұндай шебер кластар оқушылардың уақытын тиімді өткізіп, болашақта аспаздық дағдыларын жетілдіру үшін жақсы негіз болады.

Қатысқан оқушы саны:15.

Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *