2024-2025 оқу жылдың қорытындысы бойынша «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының атқарылған жұмыстардың ЕСЕБІ
Мақсаты:
- Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзіреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын,қоғам мен мемлекеттік жетілдіру мүддесіне әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманисттік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты ұжымдық өмір талаптарын, мемлекет заңына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне,достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;
- Әр білім алушы білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
- Өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
Парламент құрлымы жеті бағыттан тұрады:
- Құқық және тәртіп
- Ақпарат
- Спорт және салауатты өмір салты
- Қамқорлық
- Мәдениет және өнер
- Дебат
- Экология және еңбек
2024 жылдың 29 тамыз күні «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жоспары қаралып, бекітілді. Оқушылардың №5 мектеп-лицейін басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру,ұйымдастырушылықтары бар,шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу мақсатында Мектеп Президентін сайлау жұмыстары 2 қыркүйектен басталды.Оқушылар арасындағы үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүрді. 2024 жылының 20 қыркүйек күні «Мектеп Парламент» өзін-өзі баксқару ұйымы, «Жас Ұлан» біріңғай жасөспірімдер мен балалар ұйымы, «Адал ұрпақ» ерікті мкетеп клубының басшыларын сайлауы өтті. Әрбір кандидат өзінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, мектеп өміріне өз үлесін қосуға ниет білдірді.Сайлаудағы дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинап, біздің мектебіміздің жаңа Президенті болып, 9в – сынып оқушысы Бисенбина Даяна, «Жас Ұлан» ұйымының басшысы етіп 9а сынып оқушысы Ұзақбай Қарақат, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысы етіп 10а сынып оқушысы Ұзақбай Әділ тағайындалды. Қалған кандидаттар фракция жетекшілері болып сайланды.Барлығы 151 адам сайлауға қатысты, оның ішінде: 8 мұғалім , 143 оқушы қатысты.



2024 жылдың 5 қазан күні «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Дублер күні» өтті. «Дублер күнін» өткізу туралы бұйрығын шығарылып, бастамашыл топ құрылды. Мектеп директорының дублері лауазымына кандидатура ұсынылып, мектеп парламентінің президенті Бисенбина Даяна тағайындалды. Әр пән бойынша оқушыларға әдістемелік көмек көрсетілді. Нұсқау беріліп, жиын өтті. Оқушылар өз бейімдеріне орай, пән мұғалімдерінің қызметін бөліп алысты. Екінші ауысымда сабақ өткізіп, оқушылармен тығыз байланыста болды. Сабақ соңында оқушылардан,ұстаздардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі бойынша бастамашыл топтың сабақ беруі оқушылардың көңілінен шыққаны белгілі болды. Қамтылған оқушы саны : 19


2024 жылдың 2-13 қыркүйек аралығында 2-10 сыныптар арасында «Отбасы құндылықтары» челленджіұйымдастырылды.Челленджге қатысушылар өмір және ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.Қатысушылар саны:32.


2024 жылы 13 қыркүйек күні денсаулық күніне орай «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен «Денсаулық мектебі» тақырыбында 5- сыныптар арасында QUEST ойыны өтті. “QUEST” бұл оқиғаны ілгерілету үшін мәселелерді шешу керек болатын шытырман оқиғалы ойын. Бұдан шығатын қорытынды, әдетте, жұмбақтарды шешу арқылы жетуге болатын белгілі бір мақсат бар. Әрбір жұмбақ келесі нүкте мен келесі тапсырманың кілті болып табылады. “QUEST” ойыны 6 турдан тұрды, қатысушы топтар әр кезеңнің тапсырмаларынан мүдірмей өтіп, ерекше белсенділікпен қатысты. Ойын салауатты өмір салтын, дене шынықтыру, спорт тақырыбында сұрақтар қойылды.”QUEST” ойынының қатысушыларын мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.Қатысқан оқушы саны: 20



2024 жылдың 25 қыркүйек күні №5 мектеп -лицейінде қаланың мүлкін, аула аумақтары мен қоғамдық алаңдардың бүлінуіне жол бермеу мақсатында “Мектеп Парламент” өзін-өзі басқару ұйымының жоспарына сай «Вандализмге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға қатысушы Шалқар қаласы әкім аппаратының бөлім басшысы Қосымов Қайрат Мақсатұлы қазіргі таңда жастардың бос уақытының игерілмеуінен олар көше бұзақыларына айналғанын алға тартты. “Соңғы кезде вандализм жағдайы ушығып кетті. Ең алдымен жастарды қаламыздың көркін сақтауға шақырамын. Мемлекет ескерткіштер мен көрнекті орындар жасауда қаражат бөлетіні анық. Бірақ оларды шимайлап, бүлдіріп кету дұрыс емес. Бұл баланың тәрбиесін көрсетеді. Ата-аналар балаларына осы туралы тәрбие берсе, мұндай бұзақылар азаяды. Қазір кейбір жерлерде бейнебақылау камералары жоқ. Олардың санын арттыру арқылы да бұл дүниелерді бақылауға болады. Бұзақылық неден болады? Әрине, жастардың бос уақыты көптігінен деп айтар едім”, – дейді бөлім басшысы. Оқушыларға дөңгелек үстел барысында қойылған сауалдарына жан- жақты түсінік беріліп, сұрақтарына толықтай жауап ала алды.Қатысқан оқушы саны: 90


№ 5мектеп-лицейінде “Мектеп Парламент” өзін-өзі басқару ұйымының жаңа тағайындалған Президентін ұлықтау рәсімі өтті.Бір ай бойы мектеп президенті лауазымына үміткерлер сайлау алдындағы бағдарламаларын өткізіп, жаңа идеялар мен жобаларды ұсынды. Мектеп президентін сайлау үрдісі жалпыға бірдей теңдік және сайлау бостандығы қағидалары негізінде жүзеге асырылды.Дауыс беру қорытындысы бойынша 9в сынып оқушысы Бисенбина Даяна барлық кандидаттар арасында ең жоғары дауыс жинап, жаңа президент лауазымына тағайындалды. Жаңа президентпен бірге мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жаңа құрамы анықталды.Салтанатты ант беруден кейін оқушылардың өзін-өзі басқару президенті Бисенбина Даяна жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша болашақ жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ол өз сөзінде президент лауазымы ол үшін күшін, білімін, идеяларын іс жүзінде тексеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.Қатысқан оқушы саны:90



2024 жылдың 4,18 қазан күндері «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының жоспарына сай мектептің көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту,оқушыларды еңбекке баулу мақсатында мектеп алаңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз..Қатысқан оқушы саны: 45


Республика күніне орай 2024 жылдың 21 қазан күні «Таза табиғат!»экологиялық акциясы аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мектептің көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту,оқушыларды еңбекке баулу мақсатында мектеп алаңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Акция – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз..Қатысқан оқушы саны: 10







2023 жылдың 14 қазан күні берекелі күздің бейнесінде дәстүрге айналған 9-10 сыныптар арасында “Күзгі бал- 2024” сайысы өтті. Сайысқа қатысушылар төмендегі шарттар бойынша бақ сынады:
- Өзін-өзі таныстыру
- Love stori
- Қол өнері
- Бал биі
Аталған сайыстың әділқазы мүшелері:
А.С.Мұамбедиярова – бастауыш сынып пәні мұғалімі.
Ж.Ә.Тыныштықова –– бастауыш сынып пәні мұғалімі.
П.А.Бакеева – әлеуметтік педагог.
К.Г.Кәрібайқызы – педагог-психолог.
Сайыс барысында шығармашылық қабілетімен көптің көңілінен шыққан жұптар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
Бас жүлде 9 а сынып оқушысы- Өтеғұлов Диас,Жақсылықова Әмина
І орын 10 б сынып оқушысы – Сембин Диас,Жақсығалиева Бақыт.
ІІ орын 9 б сынып оқушысы – Мырзағалиев Нұрбақыт,Кенжебекқызы Бақытнұр және 9 г сынып оқушысы Базарбай Бекнұр, Нұрлан Альбина.
ІІІ орын 10 а сынып оқушысы – Жалғауов Әлібек, Жәйбергенова Гүлдәурен.
Қатысқан оқушы саны: 120, мұғалім саны:10.



2024 жылдың 15 қараша күні №5 мектеп-лицейінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында «Үздік бағдарлама жүргізуші – 2024» атты байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сахна мәдениетіне баулу, көпшілік алдында өзін ұстау дағдыларын қалыптастыру. Аталмыш шараға барлығы 22 талапкерлер қатысып, ІІ кезең бойынша бақ сынасты. Байқау шарты бойынша қатысушының дауыс ырғағын көрсетуге мүмкіндік беретін көркем шығармадан, драмадан үзінді немесе кез-келген танымал ақынның өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу шеберлігімен сынға түсті.Шешуші кезеңде арнайы жағдаяттық тапсырмаларды орындауда әр қатысушының шеберлігі, өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті мен сахнаны меңгеруіне ерекше көңіл бөлінді. Байқауға аудандық мәдениет үйінің әдіскері А.Әлменова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қоңырбаева және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Талмағамбетұлы төрелік етті.Төрешілердің әділ бағалауымен байқаудың талаптарынан сүрінбей өткен 9а сынып оқушысы Байжұлдызов Шәкір «Үздік жүргізуші– 2024» байқауының жеңімпазы атанса,І орынмен Нұрланова Ару, ІІ орынмен Әміржанова Жаннұр, ІІІ орынмен Шынұзақов Саламат, “Көрермен көзайымы” аталымымен Асан Дана, “Көркем сөз шебері”аталымын Амангелдина Гүлбаушан иеленді.Қатысқан оқушы саны:22



2024 жылдың 8 қараша күні мектепшілік «Жас ұлан» ұйымының жеті жарғы фракциясының жоспары аясында 8 – сыныптар арасында «Мектептегі құқықтар мен міндеттер» тақырыбында пікірсайыс өтті.


Дебат ойыны – бұл белгілі бір ережелерге сәйкес өткізілетін арнайы пікірталас нысаны, интелектуалды ойын. Дебаттар логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. «Оппозиция», «Үкімет» өз көзқарастарын сенімді түрде дәлелдеуге, білімді түрде пікірталастыру жүргізді. Дебат ойынының соңында әділ-қазылар топтардың жұмысын бағалап, қатысушылар арасынан «Үздік спикер» номинациясымен 8 г сынып оқушысы
Бабаева Асальды марапаттады.Қатысқан оқушы саны:10
2024 жылдың 6 қараша күні «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының «Зерде» бағытының жоспарына сай «ДОСLIKE» акциясы аясында «Буллинг, кибербуллинг және интернетке тәуелділік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп,сұрақтар берілді. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп, ойға шақырылды.Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып,жағдаяттар ұсынылды. Буллингпен қоса жүретін кибербуллинг – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратынг ұзақ уақыт бойы жүйелі қудалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметтік желілер, веп-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдау шарттары айтылды.Қатысқан оқушы саны:17



2024 жылдың 10 желтоқсан күні «Жас ұлан» ұйымының жоспарына сәйкес Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты кездесу өтті. Шараға желтоқсан оқиғасының куәгерлері, “Желтоқсан алауы” облыстық қоғамдық қорының мүшесі, зейнеткер Жұлдыз Әбдірашқызы және аудандық қазақ тілі қоғамының мүшесі, Ә.Жангелдин атындағы мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Марита Сабитуллақызы қатысты. Мәртебелі қонақтар оқушыларға сол бір нәубет кезеңнің қиындығы мен оның қазіргі таңдағы жемісі жайында кеңірек тарқатып, мағлұмат берді. Қазіргі таңда Тәуелсіздік мерекесі – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Егемендіктің алғашқы жылдары қазақ халқы үшін оңай болмағаны бәрімізге белгілі. Соған қарамастан аз уақыттың ішінде еліміз көптеген елеулі табыстарға қол жеткізді. Бүгінде Тәуелсіздікті әр азамат мақтан тұтады. Әсіресе, 1986 жылы егемендік үшін алаңға шыққан жастар ол күнді ешқашан ұмытпайтынын алға тартты. Жастарға тәуелсіздіктің қадірін түсініп, егемен елдің баянды ету әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. «Жас ұлан» ұйым мүшелері мереке құрметіне орай өздерінің өнерлерін тарту етті. Қатысқан оқушы саны: 17.


2024 жылдың 22 қараша күні «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сай «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында 5-10 сыныптар арасында байқау өтті. Байқауға қатысушылар ерекше қызығушылық танытып, тақырып аясында өз ойларын ашық білдірді.Тәуелсіз Қазақстанның жастары сыбайлас жемқорлықтың бүгінгі қоғамға жат ұғым екенін және онымен күресуге деген құлшыныстарын салған суреттерінен байқауға болады. Тәуелсіз еліміздің болашағы, жаңа заман жастары жемқорлық сияқты қылмыстық іс-әрекеттерге қашанда қарсы тұру керек.Байқауға қатысушылардың суреттері осыны айғақтайды. Байқау қорытындысы бойынша: І орынмен «Жасұлан» тобы, ІІ орынмен «Жасқыран» тобы, ІІІ орынмен «Болашақ» және «Жалын» тобы марапатталды.Қатысқан оқушы саны:50



2024 жылдың 25 қарашадан 06 желтоқсан аралығында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Заң және тәртіп» айлығы аясында 5-11 сынып оқушылар арасында «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі ұйымдастырылды. Бұл челлендж- оқушылар мен қоғам мүшелерін өздерінің жетістіктерін және өмірдегі табыстарын елдің дамуына, ұрпақ тәрбиесіне, қоғамның өркендеуіне бағыттау мақсатында негізделген шара. Мұндай челлендждер әлеуметтік желілерде танымал болып, адамдардың өздерінің жетістіктері мен өмірлік мақсаттары туралы бөлісіп, сол арқылы қоғамға үлес қосуға ұмтылуына түрткі болады. Қатысушылар өз жетістіктерін қоғам игілігі үшін пайдалануды мақсат етіп қойып, оларды әр түрлі іс-шаралар мен жобаларға арнап, немесе арнайы әлеуметтік бағдарламалар арқылы ел игілігіне пайдалануға шақырады.Қатысқан оқушы саны:17





Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады.Бұл апталық арқылы мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерін толықтырып, құрметтеуге үйренеді. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары аясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбындағы апталыққа арналған жоспар құрылып, бекітілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша оқушылар іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. 2024 жылдың 2 желтоқсан күні апталықтың ашылуы өтті.Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Шараны оқушылардың дайындаған монтажы жалғастырды. Апталықтың басты міндеті- патриоттық тәрбие беру. Осы мақсатта көңілді үзілістер өткізілді. «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. Апталық жоспарына сәйкес «Биік сенің мәртебең, рәміздерім!» тақырыбында жалпы эссе жұмыстары алынды.Оқушылар өз ойларын жақсы жеткізуде ел мәртебесін айшықтайтын белгілер құндылықтарын ашуға атсалысқан ерекше жұмыстар анықталды. Апталық соңында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты интелектуалды сайыс өтті. Сайыс 3 кезеңнен құрылып,оқушылар бәсеке барысында білімдерін ортаға салып, танымдарын кеңейте алды. Онда оқушылар мемлекеттік рәміздер мен тарихын қаншалақты меңгергендігін көрсете алды. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-елді,халықты,тарихты,әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.Қатысқан оқушы саны: 220.



«Заң және тәртәп» айлығы аясында 2024 жылдың 18 желтоқсан күні « Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында көңілді мәре сайысы өтті.Нәтижесінде: 1 орынмен «Динамит» тобы, 2 орынмен «Жұлдыздар» тобы марапатталды.Қатысқан оқушы саны:15


2024 жылдың 10 қаңтар күні «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» тақырыбындастуденттермен кездесу кеші өтті.Кешке 2022-2023, 2023-2024 жылғы түлектері қатысып,оқушылар студенттерден өздері қалаған мамандық, оқу үрдісі, болашаққа деген мақсаттары жоғарғы оқу орындары туралы сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.Алдағы уақытта мектепті аяқтағалы отырған жасөсіпірімдерге олар да өз тараптарынан жоғары білім алу үшін тынбай іздену, жан жақты болу керектігін айтып кеңестерімен бөлісті.Кездесу барысында студенттер мен оқушылар арасында ойындар ойнатылды.Шараның соңы студенттердің ақ тілектерімен аяқталды.Қатысқан оқушы саны: 61


2025 жылдың 8 қаңтар күні «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында «AQYL МАЙДАН» атты ннтеллектуалды сайыс өткізілді.Іс-шара оқушылардың танымдық деңгейін арттырып, демалыс уақыттарын тиімді өткізулеріне ықпал етті. Оқушылар жоғары белсенділік танытып,ұйымшылдықтарын көрсетті.Сайыс 3 кезеңнен құрылып,әр кезең бойынша оқушылар ұпай жинап, жалпы қорытынды нәтижесі шығарылды. Қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Қатысқан оқушы саны:10


“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 2025 жылдың 17 қаңтар мен 21 ақпан аралығында “Жас ұлан” ұйымының ұйымдастыруымен 3-10 сыныптар арасында мектепішілік «Жігіт сұлтаны-2025” сайысы өтті. Байқау кезеңдері:
1. «Тегімді менің сұрасаң» – өз-өзін таныстыру кезеңі.
2. «Талапты ерге нұр жауар» – өз өнерін көрсету кезеңі.
3. «Күш атасын танымас» – спорттық сайыс кезеңі. (Ләңгі тебу)
4. «Шешен жігіт сөз бастар» – сұрақ-жауап (қазақ халқының салт-дәстүрлері,мәдениет, тіл мен тарихқа байланысты).Әр кезең бойынша қатысушылар өз өнерлері мен білімдерін көрсетіп, қызығушылық таныта отырып, белсенділік көрсетті. Әділ-қазылар алқасы қорытындылап, мадақтама қағазымен сыйлықтар табыстады.
Қорытынды бойынша 3-4 сыныптар арасында:
БАС ЖҮЛДЕ 3 “А” сынып оқушысы Кәрібай Мағжан.
1 орынмен 4“А” сынып оқушысы Нұрланов Нұрдәулет және 4 “Б” сынып оқушысы Бақыт Қайсар.
2 орынмен 4 “Г” сынып оқушысы Нурали Нұрдәулет, 4“В” сынып оқушысы Жубаткан Райымбек және Досбосинов Адиль 3 “Г” сынып оқушысы.
3 орынмен 3 ”В” сынып оқушысы Үдешов Осман, 3”Б” сынып оқушысы Қазбеков Нұрасыл және 3”Д” сынып оқушысы Жұмағалиев Бекарыс марапатталды.
Қатысқан оқушылар саны- 100, ата-ана- 10,мұғалім- 8
Қорытынды бойынша 5-6 сыныптар арасында:
Бас жүлде 5 “А” сынып оқушысы Жаңабай Толағай.
1 орынмен 5 “Б” сынып оқушысы Абайұлы Нұрислам.
2 орынмен 6“Б” сынып оқушысы Алшын Алихан және 6“В” сынып оқушысы Сембин Сұлтан.
3 орынмен 5”В” сынып оқушысы Кенжебаев Ерасыл, 5”Г” сынып оқушысы Елубай Шалқар және 6”А” сынып оқушысы Төлегенов Айболат марапатталды.
Қатысқан оқушылар саны- 84, ата-ана- 8,мұғалім- 5.
Қорытынды бойынша 7-8 сыныптар арасында:
Бас жүлде 8 “В” сынып оқушысы Амангелді Айхан.
І орынмен 8 “Б” сынып оқушысы Орақов Қайсар.
ІІ орынмен 7 “Б” сынып оқушысы Оразғалиев Айдын және 8 “Г” сынып Мақатаев Мағжан.
ІІІ орынмен 8”А” сынып оқушысы Нұрланұлы Ерасыл, 7”В” сынып оқушысы Амантай Нұрислам және 7”А” сынып оқушысы Бахиткереев Ерасыл.
Қатысқан оқушылар саны- 62,ата-ана- 3,мұғалім- 4.
Қорытынды бойынша 9-10 сыныптар арасында:
Бас жүлде 10 “Б” сынып оқушысы Сембин Диас.
1 орынмен 9 “Б” сынып оқушысы Мырзағалиев Нұрбақыт.
2 орынмен 9“В” сынып оқушысы Олжабай Жанарыс және 9 “А” сынып оқушысы Өтеғұлов Диас.
3 орынмен 10”А” сынып оқушысы Мұратов Райымбек және 9”Г” сынып оқушысы Омаров Абубакр.
Қатысқан оқушылар саны- 59, мұғалім- 2.



Мектепте “Заң мен тәртіп” айлығы шеңберінде құқықтық сауаттылықты арттыру және оқушылардың заң туралы білімдерін тереңдету мақсатында 8 сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.Іс-шара барысында оқушылар заң, тәртіп, құқықтық нормалар туралы сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімі мен тапқырлығын көрсетті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды:
I кезең – Үй тапсырмасы (өздері таңдаған мамандық иесінің лауазымдық жауапкершілігі мен қызметі жайында таныстыру).
II кезең – Жағдаяттық тапсырмалар. (түрлі жағдаяттарды талдап, дұрыс ортақ шешім қабылдау).
III кезең – «Пара-қоғамның жауы» ( сурет салу және қорғау).
IV кезең – Сұрақ-жауап заңдар мен ережелерге қатысты сауалдарға жауап беру. Сайыс қорытындысы бойынша I орынмен 8 “А” сыныбы, IІ орынмен 8 “В”, “Г” сыныбы, III орынмен 8 “Б” сыныбы марапатталды. Бұл іс-шара оқушыларға тәртіптің маңыздылығын ұғынуға, заңдарды құрметтеуге және өз құқықтарын білуге үлкен қызығушылығын арттырды. Қатысқан оқушы саны:18

2025 жылдың 20 қаңтар күні «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының директор жанында отырыс өтті.Жиын барысында 1 жарты жылдықтыңқорытындысы шығарылып,атқарылған жұмыстар сараланды.Парламент мүшелерінің және оқушылардың жалпы белсенділігі бағаланып, екінші жарты жылдыққа арналған жоспарлар мен бастамалар ұсынылды.Қатысқан оқушы саны: 7


«Заң және тәртіп» айлығы аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен «Пара – қоғамның жауы» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Бұл шара- сыбайлас жемқорлықтың зиянын көрсетуге және оның қоғамға тигізетін кері әсерін бейнелеуге арналған көркемдік шара.Көрмеде оқушылар өз шығармалары арқылы парақорлықтың әлеуметтік әділетсіздікке, экономикалық тоқырауға және қоғамдағы сенімнің әлсіреуіне әкелетінін көрсетті. Қатысқан оқушы саны:15


Қазіргі таңда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басым бағыттарының бірі- мектепішілік дебат технологиясын дамыту.Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру қажет.Пікірсайыс тек зияткерлік ойын емес, ол-сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен жұмыс істеуге үйретеді. Осы мақсатта 2025 жылдың 6 ақпан күні «Заң мен тәріп» айлығы аясында «Қылмыс жасаған адамға екінші мүмкіндік беру керек пе?» тақырыбында 9 сыныптар арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс қызу тартысты өтіп,нәтижесінде 1 орынмен 9г сынып оқушысы Әкімжан Назым, Асан Дана. 2 орынмен 9в сынып оқушылары Айтжанова Адия, Дәулеткелдиев Ербол. 3 орынмен 9а сынып оқушылары Ұзақбай Қарақат, Жақсылықова Амина. Алғыс хатпен 9б сынып оқушылары Мырзағалиев Нұрбақыт және Әбдірашев Арман марапатталып, «Үздік спикер» аталымымен Дәулеткелдиев Ерболие болды. Қатысқан оқушы саны: 10.


2025 жылдың 21 ақпан күні 6а сынып оқушылары арасында оқушыларға олардың мектептегі негізгі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында « Мектептегі құқықтар мен міндеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Шара барысында әр оқушы өз пікірін білдіріп, түрлі жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап берді. Қатысқан оқушы саны: 13



Алғыс айту күні – Қазақстандағы маңызды мерекелердің бірі.Бұл күн 2016 жылдан бастап елімізде ресіми түрде атап өткізіледі. Ол түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты,татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған мереке. Мереке қарсаңында мектеп парламентінің ұйымдастыруымен бейнероликтер түсіріліп мектеп оқушылары мен ұстаздары өз алғыстарын білдіріп, мерекенің маңыздылығын көрсетті.Қатысқан оқушы саны: 20


№5 мектеп-лицейінде ұлттық дәстүрімізді насихаттау және қыз балалардың табиғи сұлулығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған “Бұрымды қыз” челленджінің марапаттау рәсімі өтті. Аталған челлендж барысында оқушылар өздерінің ұзын әрі әдемі өрілген бұрымдарын әлеуметтік желіде көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосты. Қатысушылардың шығармашылық идеялары мен ерекше стильдері жоғары бағаланды. Шара соңында белсенділік танытқан оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Марапаттау рәсімінде мектеп басшылығы қатысушыларға алғысын білдіріп, осындай игі дәстүрлерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, оқушыларға ұлттық мәдениетімізді дәріптеу жолында белсенді болуға шақырды. Бұл челлендж қыз балалардың өз табиғи сұлулығын бағалай білуіне, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне және салт-дәстүрлерімізді ұлықтауына үлкен септігін тигізді.Қатысқан оқушы саны: 60,ата-ана саны -10.


2025 жылдың 17 наурыз күні №5 мектеп-лицейінде Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының мамандары А.Н.Жетпісбаев және С.Н.Бақытжановтың қатысуымен “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу” тақырыбында маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында мамандар діни экстремизмнің алдын алу, жастардың теріс ағымдарға еріп кетуінің себептері мен олардан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды.Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, жастарды жат идеологиялардан қорғау болды. Қатысқан оқушысы:90


2025 жылдың 18 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде ерекше күн өтті – Ұлттық киім күні! Оқушылар мен мұғалімдер қазақтың сән-салтанатымен көмкерілген ұлттық киімдерін киіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл күн тек киім үлгісін көрсетумен шектелмей, халқымыздың бай мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттауға бағытталды. Әрбір шапан, камзол, сәукеле мен тақия – ұлтымыздың тарихынан сыр шертетін құнды мұра. Қатысқан оқушы саны: 45



Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құс-біздің досымыз.Олар табиғатқа сән береді. 2025 жылдың 26 наурызымен 1 сәуір күндері №5 мектеп-лицейінде 1-9 сынып оқушылары және әкелерінің қатысуымен «Құстарға ұя сыйла!» акциясы өтті. Көктем басталысымен жылы аймақтарға ұшып кеткен құстар туған мекендеріне оралды.Мектеп оқушылары қауырсынды достарына ұя сыйлауға мектеп алаңына жиналды.Акцияға бастауыш сынып оқушылары және әкелері қатысты. Акция аясында құс ұясын жасауға әкелері шеберлік сағаттары көрсетілді.Балалар құстарға арнап үй жасауды қызыға үйренді.Мұндай іс шаралардың балаларға экологиялық мәдениетті сіңіруде берері көп.Қатысқан оқушы саны: 15.


2025 жылдың 08 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні салтанатты түрде орындалды. Ұлттық рәміздеріміз ұлттың бірегейлігі мен ұлылығын көрсетеді. Ту, Елтаңба және Гимнді сынды ұлттың айшықты таңбаларының қабылдануы – дүниежүзінде Қазақстан дейтін мемлекет бар екендігінің көрінісі. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қасиетін білу, оны жүрекке тоқу – отансүйгіштіктің белгісі. Еліміздің жастары, өскелең ұрпақ патриот болсын десек, олардың бойына жастайынан осындай ұғымды сіңіруіміз қажет. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік Гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Оқушылар мен ұстаздар гимнді құрметпен қабылдап, бірлік пен патриоттық сезіммен орындады. Гимн — халқымыздың рухын көтеретін, елдік пен бірліктің айқын көрінісі.
Оны құрметтеу — әрбір азаматтың қасиетті парызы!
Қатысқан оқушылар саны: 522.



Ғарышкерлер күні – жыл сайын 12 сәуірде аталып өтетін халықаралық мереке. Бұл күн 1961 жылы Ю.Гагариннің азамат тарихында алғаш рет ғарышқа ұшқан күнін еске алуға арналған. Ол «Восток-1» ғарыш кемесімен Жерді айналып шығып, азамат баласының жаңа дәуірін – ғарыш дәуірін бастады.2025жылдың 4 сәуір күні «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушыларға ғарыш туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.Оқушылар сұрақтарға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.Қатысқан бала саны:10



Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен мектепте көңілді үзілістер өткізілді. Үзіліс кезінде түрлі ойындар ұйымдастырылды.Оқушылар белсенді қатысып,жағымды эмоциялар алды.Бұл шара оқушылардың мектепке деген қызығушылығын арттырып,ұйымшылдықты нығайтты.Қатысқан бала саны:20



“Қауіпсіз терезе” акциясы аясындағы түсіндірме жұмыстары – балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылатын ақпараттық-насихаттық шаралар жиынтығы. Бұл жұмыстарға ата-аналар мен қамқоршыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, терезеге қорғаныш құрылғыларын орнатудың маңыздылығын жеткізу, жадынама тарату, кездесулер мен әңгімелер өткізу, сонымен қатар әлеуметтік желілер мен басқа ақпарат құралдары арқылы қауіпсіздік туралы ақпарат тарату жатады.Қатысқан бала саны: 50


2025 жылдың 17 сәуір күні №5 мектеп-лицейінде Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының мамандары А.Н.Жетпісбаев пен учаскелік инспектор Е.Т.Нағымбаевтың қатысуымен «Қауіп қайдан? Жат ағымдар жайлы не білу керек?» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында мамандар діни экстремизмнің алдын алу, жастардың теріс ағымдарға еріп кетуінің себептері мен олардан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, жастарды жат идеологиялардан қорғау болды. Қатысқан оқушысы: 63


2025 жылдың 2 мамыр күні “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілігін тереңдету.
Пікірталас барысында оқушылар:елімізге деген сүйіспеншілік,ұлттық рух пен бірегейлік, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет, ел болашағына бей-жай қарамау сынды өзекті тақырыптарды қозғап,өз ой-пікірлерін еркін, дәлелді түрде жеткізе білді. Оқушылар арасында өзара пікір алмасу, дәлелдер келтіру, қарсы ой айту және қорытынды шығару дағдылары дамытылды. Қатысқан оқушылар саны: 10


2025 жылдың 30 мамыры күні мектебімізде “Жас ұлан” ұйымының ұйымдастыруымен мектеп ауласын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында тазалық шарасы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — мектеп ауласын жасыл-желекке айналдыру, табиғатты қорғауға баулу, оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық мәдениетті дамыту болды.Оқушылардың ұйымшылдықпен және ынтамен қатысуы бұл бастаманың табысты өтуіне зор ықпал етті. Іс-шараға қатысқан оқушылар саны: 30


2025 жылдың 28 мамыр күні “Балалар күні” тақырыбы аясында мектебімізде ашық алаң форматында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп директоры Ә.П.Әбдіғапарова оқушылармен еркін сұхбат жүргізіп, олардың ойы мен тілектеріне ерекше назар аударды.
Баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс. Оған шынайы көңіл бөліп, жеке тұлға ретінде қабылдау – саналы ұрпақ тәрбиелеудің бастауы. Баланың пікірін тыңдау – тек құрмет қана емес, ол ел болашағына салынған берік негіз . Балаларымыздың арманы асқақ, ойлары орамды. Олар ел келешегін айқындайтын, өз орнын табуға талпынатын тұлғалар. Бүгінгі ашық алаңда олардың көкейінде жүрген сұрақтары мен пікірлері, тілектері мен ұсыныстары тыңдалды. Әр сөзінен үміт пен сенім сезіліп тұрды. Бұл – үлкендердің балаларға деген құрметі мен қамқорлығының жарқын көрінісі. Мұндай кездесулер балалардың өз ойын еркін жеткізуіне, сыни ойлауына және әлеуметтік белсенділігінің артуына ықпал етеді. Сонымен қатар, бала үнін есту – біздің азаматтық әрі адами міндетіміз .Ашық алаңда оқушылар білім беру сапасы, мектеп өмірі, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, қауіпсіздік пен қолдау туралы ойларымен бөлісті. Директор барлық ұсыныстарды мұқият тыңдап, кейбір бастамалар алдағы уақытта жүзеге асатынын атап өтті.Қатысқан бала саны:32.
Ұсыныс:
- Жаңа оқу жылында оқушылар арасында ынтымақ пен жауапкершілікті, белсенділікті арттыру;
- Іс-шаралардың сапасын көтеру;
- Парламент жұмысының нәтижелерін бағалап, алдағы кезеңге нақты жоспар құру;
- Оқушылар мен мұғалімдер өз идеяларын, тәжірибелерін бөлісетін ашық алаң ұйымдастыру;
- Ақпараттық- коммуникациялық жұмысты күшейту;
«Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының 2024-2025 оқу жылы бойынша МОНИТОРИНГІСІ

2023-2024 оқу жылы бойынша «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының атқарылған жұмысының МОНИТОРИНГІСІ
