Күні: 21.04.2025ж.
Қатысқандар саны: 3 оқушы
Мақсаты: Қиялдағы көріністерді сурет арқылы жүзеге асыру;
Жауапты: арнайы педагог Балтабаева А.Қ.
2025 жылдың 21 сәуір күні ЕББҚ оқушыларын психологиялық- педагогикалық қолдау мақсатында «Арт- терапия» жұмысы жүргізілді.
Арт-терапия — сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді. Арт-терапия тұйық балалардың ашылуына көмектеседі, қиялындағы суретті салғанда өзіне сенімділігін арттырады. Арт-терапия мақсаты:
✅Бойыңдағы қорқыныш пен үрейден арылу;
✅Қиялдағы көріністерді сурет арқылы жүзеге асыру;
✅Рефлексті анализ: жұмысыңмен таныстырып, сезімдермен бөлісу.



