Күні: 07.03.2025ж.
Қатысқандар саны: 5 оқушы
Мақсаты: сенімділкті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге , мұғалімді тыңдауға баулу.
Жауапты: арнайы педагог Балтабаева А.Қ.
2025 жылдың 07 наурыз күні ЕББҚ оқушыларын психологиялық- педагогикалық қолдау мақсатында “Кім жылдам “ атты жұптық ойын жүргізілді. Ойынның мақсаты: сенімділкті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге , мұғалімді тыңдауға баулу. Суретте көп жолдар салынады, яғни лабиринт көрсетілген жолмен мәреге жету қажет.
Ойынның пайдасы:
✅Баланың ұсақ моторикасының дамуына әсер етеді.
✅Балада “ қиын жағдайлардан”шығу жолдарын іздеуге ынталандырады.
✅Баланың табандылығы мен зейінін дамытады.
✅ Балада логикалық ойлауды қалыптастырады, өйткені ойын барысында ол тамаша әрекет пен алынған нәтиже арасындағы байланысты түсінуге үйретеді.



