Skip to content

«Артикуляциялық жаттығулар» арқылы түзету жұмыстың АНЫҚТАМАСЫ

Күні: 17.01.2025ж.

Қатысқандар саны: 6 оқушы

Мақсаты: Артикуляциялық жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру.

Жауапты: арнайы педагог Ақшолақова Н.Б.

  2025жылдың 17каңтар «Артикуляциялық жаттығулар» арқылы түзету сабағы өткізілді. Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстардың дұрыс айтылуы жақсы қозғалғыштықпен қамтамасыз етіледі және артикуляциялық гимнастика артикуляциялық аппарат мүшелерінің дифференциалды жұмысына көмектеседі.
Артикуляциялық гимнастика балалардағы сөйлеу тілінің бұзылуын жеңуде жетекші орындардың бірін алады.
Артикуляциялық гимнастика – бұл артикуляциялық аппараттың бұлшықеттерін күшейтуге, сөйлеу процесіне қатысатын мүшелердің күшін, қозғалғыштығын және қимыл-қозғалыс дифференциациясын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар жиынтығы.
Әр түрлі дыбыстарды айту кезінде сөйлеу процесіне қатысатын әрбір мүше белгілі бір позицияны алады. Сөйлеу кезінде дыбыстар оқшауланбай, бірінен соң бірі тегіс айтылады, артикуляциялық аппараттың мүшелері өз позицияларын тез өзгертуі керек. Дыбыстардың, сөздердің, сөз тіркестерінің нақты айтылуына артикуляциялық аппарат мүшелерінің жеткілікті қозғалғыштығы, олардың үйлесімді түрде қалпына келтірілуі және жұмыс істеуі жағдайында ғана қол жеткізуге болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *