25 қыркүйек 2025 жылы Аудандық балалар кітапханасы мен №5 мектеп-лицейінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту» мақсатында «Ең басты байлық – ел үшін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға мектеп-лицейіміздің әртүрлі ұлт оқушылары қатысты. Өз ұлттарының салт-дәстүрлері, мәдениеті мен тілінің ерекшеліктері жайында ой бөлісті. Шара барысында ұлттық бірлік пен достықтың маңыздылығы, бейбітшілік пен келісім – ел дамуының негізгі тірегі екендігі атап өтілді.
Дөңгелек үстел қатысушылар арасында өзара түсіністік пен сыйластықты арттырып, көпұлтты Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Мақсаты:
Халықтар арасындағы достық пен бірлікті насихаттау, оқушыларды өзара сыйластыққа, ынтымақ тәрбиелеу, көпұлтты Қазақстанның мәдени көптүрлілігін құрметтеуге баулу.
Қатысқан оқушылар саны: 14
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
#РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана
#БалаларКітапханасы#ОқуғаҚұштарМектеп