№5 мектеп – лицей кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Қабылдаудан – прогреске: ҚР Конституциясының тарихы» кітап көрмесі өтті. Бұл көрме Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Көрмеде Ата Заңның тарихы, оның қабылдану кезеңдері, маңыздылығы туралы кітаптар, журналдар, ақпараттық материалдар ұсынылған. Оқушылар Конституция арқылы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі дамуы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы тереңірек таныса алады.
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік беру, Ата Заңымыздың маңыздылығын ұғындыру, Отанға деген сүйіспеншілікті, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру.
Көрмеге қоиылған кітаптар:
«Конституция Республики Казахстан», «Азбука права», «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Өмірәлі Қопабаев «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», Е.О.Алауханов
«Криминология», А.А.Ескендиров «Процессуальные и криминалистические аспекты расследования преступлений совершенных несовершеннолетними», Ү. Нұрмашев «Қазақстан республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Қазақтың ата заңдары», Ж.Т.Сейдуманов «Басылымдардың шығарылым мағлұматтары», Салық Зиманов «Казахский суд биев – общекультурологическая ценность», «Тәуелсіздікке тарту», «Құқық әліппесі». Тағы басқа журналдар қойылды.
Қатысқан оқушылар саны: 437.