2024 жылдың 19 қараша күні “Жас қылқалам шебері” көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 6 “в” сынып оқушысы Жалғасов Ниғметтің Шалқар аудандық Көркем сурет лицейінде жасалған жұмыстары көрсетілді.
Көрменің мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, шығармашылыққа жетелеу. Сурет өнері- тыныштық сыйлап, қиял әлеміне сапар шегуге жетелейді. Қылқаламмен ақ қағаз бетіне сурет салып, жансыз бейнені тілсіз сөйлеткендей әсем бейнелеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Көрмеде ұсынылған әр туынды – айрықша. Бояулар ашық, түстер композициясы үйлесімді. Көрмеде ұсынылған суреттердің өзіндік мағынасы бар. Бір суретте отбасы деген махаббатты бейнелесе, екінші бір суретте қоршаған ортаның ғажап көрінісін суреттеген.
Жалғасов Ниғмет – “Атамұра” республикалық ғылыми- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Бояулар құпиясы” жас суретшілер байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды.


