Жаңа сабақты меңгерту, дәнді дақылдардың сипаты, топтастырылуы туралы түсінік беру. Өтілген сабақты өмірмен байланыстыра отырып, жан-жақты мәліметтер қамту. Оқушыларды өз беттерінше шығармашылыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу мақсатында тапсырмалар орындату.Дәнді дақылдармен жұмыс балалардың сабаққа деген қызығушылығын ояты, таным қабілеттерін дамыту мақсатында сабақтар өткізілді. Балалар көздері жұмулы күйде сенсорлы шарлармен ойын, дәнді дақылдарды түрлеріне қарай жинақтаумен, қасықтың көмегімен екі қолмен бір уақытта дақылдарды әр ыдысқа бөліп салу тапсырмалары орындалды.



