Skip to content

Артикуляциялық жаттығулар арқылы түзету сабағы

        2025 жылдың 6 мамыр күні артикуляциялық жаттығулар арқылы түзету сабағы өткізілді.

        Артикуляциялық гимнастика — артикуляция апаратының (таңдай, тіл, жүгенше, төменгі ауыз қуысы) мүшелерінің дұрыс орналасуын және қозғалысқа дайындауды қамтамасыз ететін жаттығулар кешені. Олар:

  • «Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
  • «Тісімізді тазалаймыз» – жымиып, тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің ұшымен жан – жаққа, одан кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстарды жасау.
  • «Инеше» – ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10 – 15 секунд ұстап тұру керек.
  • «Тәтті тосап» – жымиып, ауызды ашып, «кесе» түрдегі жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *