2025 жылдың 16 сәуір күні нейрожаттығулар арқылы түзету жұмысы өткізілді. Балаларға арналған нейрожаттығу (миды жаттықтыруға арналған жаттығулар жиынтығы жеке таңдалады) мидың екі жарты шарын дамытуға, сапалы оқуға мүмкіндік береді, сонымен қатар танымдық қабілеттердің дамуына ықпал етеді.Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады. Ұсақ және ірі моториканы дамытады. Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. Зейінді шоғырландырады. Есте сақтау қабілетін арттырады. Оқу және жазу процесстерін жеңілдетеді. Нейрожаттығулар мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балалардың орталық жүйке жүйесінің қарқынды дамуы үшін көптеген мүмкіндіктер береді. Ми жаттығуларының оң әсері балада өмір бойы сақталады.



