Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Ағымдағы жылдың 20 наурызы күні №5 мектеп-лицейінде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған «Наурыз Ата -2025» және «Наурыз Әже – 2025» атағы берілді.
“Наурыз Ата-2025” – Кистаубаев Б.Б.
“Наурыз Әже-2025” – Алмағанбетова М.Ж.
Ұйымдастырушы: №5 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымы.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!



