3 Б сыныбында «Жақсылық жасау-жүректен» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке, жақсылық жасауға тәрбиелеу;
Жақсы сөз бен жақсы істердің адамға қуаныш сыйлайтынын түсіндіру;
Әдептілікке, бір-біріне қамқор болуға баулу.
Сынып сағатында оқушылар жақсылық жасау, қамқор болу туралы тақпақтар айтып,сұрақтарға жауап беріп,ойындар ойнады.
«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»демекші жақсылық жасаудың маңыздылығы туралы айтылды.
Өткізген: Л.Т.Жайтакова
