Skip to content

Мектепішілік көктемгі жоспарға байланысты “Жаңа педагогикалық технологиялардың білім сапасын арттырудағы…

Мектепішілік көктемгі жоспарға байланысты “Жаңа педагогикалық технологиялардың білім сапасын арттырудағы рөлі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – ағылшын тілі пәндерін оқытудың заманауи әдістерін қарастыру, тиімді пайдалану арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру. Семинар барысында қатысушылар ағылшын тілін оқытуда концептілердің рөлін талқылады, сондай-ақ, оқушылардың ағылшынша ойлауын жетілдіруге бағытталған түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен алмасып, тиімді әдістемелерді тәжірибеге енгізу жолдарын қарастырды. Семинар соңында қатысушылар тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осындай іс-шаралардың білім сапасын арттырудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. Ұйымдастырушылар: Ағылшын тілі пәні бірлестігі мұғалімдері.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *