📚Тарих және қоғамдық пәндер апталығы аясында «Тарихтан тағылым, болашаққа сенім» тақырыбы бойынша оқушылар арасында 🎙️тарихи пікір мен көзқарасты анықтауға бағытталған арнайы видеосұрақнама жүргізілді.
🖍️Негізгі мақсаты:
💪🏻оқушылардың тарих пәні бойынша білім деңгейін анықтау;
👀олардың қызығушылығын арттыру және тарихи танымын кеңейту.
🧠Сұрақнама барысында оқушылар түрлі тарихи оқиғалар, тұлғалар мен құбылыстар туралы өз ойларын ортаға салады.
Видеосұрақнама жүргізу арқылы біз оқушылардың тарихқа деген 👀көзқарасын байқап, олардың қандай тақырыптарды жақсы меңгергенін, қай тұстарда әлі де толықтыру қажет екенін анықтай аламыз.
🇰🇿Сонымен қатар, бұл жұмыс оқушыларға өз елінің өткені мен тарихи өзгерістерінің атауын, маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Мұндай тәсіл оқушылардың білімін тексеріп қана қоймай, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, тарихи оқиғаларға сыни көзқараспен қарауға және тарихты терең меңгеруге жол ашады.
Жауапты: 11 сынып оқушылары
Оқушылар саны: 20
