«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Телефонсыз мектеп – буллингтен қорғайды ма?» тақырыбында мектеп омбудсмені Асан Дананың ұйымдастыруымен пікірсайыс өтті.
Іс-шараға белсенді оқушылар қатысып, 📱🚫
телефонның мектеп ішіндегі тәртіпке, оқушы мәдениетіне және буллингтің алдын алуға ықпалы туралы өз ойларын ортаға салды.
Пікірсайыс барысында екі топ та өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты саналы көзқарас танытты.
Тартысты өткен пікірталас оқушылардың сыни ойлау, дәлелді сөйлеу және өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Қатысқан оқушы саны:10
#16күнзорлықзомбылықсыз
