Skip to content

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес «Балалар кітапханасы» жоба аясында…

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес
«Балалар кітапханасы» жоба аясында
27.11.2025 жылы кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Ұлт рухын жаңғыртқан тұлға – Міржақып Дулатұлы» атты танымдық сағат – оқушыларға арналып ұйымдастырылатын мәдени-ағартушылық шара. Іс-шарада Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ақын, жазушы, ағартушы Міржақып Дулатұлының өмір жолы, шығармашылығы, қоғамға сіңірген еңбегі жайлы кеңінен мағлұмат беріледі. Оқушыларға тұлғаның тарихи рөлі, ұлттық идеяны насихаттаудағы орны түсіндіріледі, бейнематериалдар, кітап көрмесі, интерактивті сұрақ-жауап және шығармаларынан үзінділер ұсынылады.
Мақсаты:
1. Ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру.
2. Оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, отаншылдыққа, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Алаш арыстарының мұрасын дәріптей отырып, ұлттық идеямызды, тіл мен мәдениетті бағалай білуге баулу.
4. Оқушыларды кітап оқуға, әдеби мұраларды зерделеуге қызықтыру.
5. Тұлға тағылымы арқылы еркіндік, білім, әділдік идеяларын түсіндіру.@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
#РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана
#БалаларКітапханасы
#ОқуғаҚұштарМектеп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *