Skip to content

2025 жылдың 1 желтоқсан күні мектеп директорының жанында үйден оқитын…

2025 жылдың 1 желтоқсан күні мектеп директорының жанында үйден оқитын оқушылардың 5 Г сынып оқушысы Мырзалы Ерасыл мен 2 Д сынып оқушысы Кәдіралина Айару және аналары Махмутова Ақмарал Сұлтанқызымен кездесу өткізілді.

Кездесуге мектеп директоры, директор орынбасарлары, арнайы педагогтар, психолог, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. Үйден оқитын оқушылардың оқу жетістіктері, мінез-құлық ерекшеліктері және бейімделу жағдайы.
2. Сабақтардың өту барысы, қатысу деңгейі және нәтижелері.
3. Пән мұғалімдерінің ұсыныстары мен баланың оқу процесінде кездесетін қиындықтары.
4. Ата-анамен бірлесе жұмыс жүргізу жолдары, үй жағдайында қолдау көрсету тәсілдері.
5. Жеке оқу бағдарламаларының орындалу барысы.

Кездесу қорытындысы бойынша ата-анаға бірқатар ұсыныстар берілді және мектеп тарапынан қолдау шаралары белгіленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *