2025 жылдың 1 желтоқсан күні мектеп директорының жанында үйден оқитын 3 Б сынып оқушысы Жаңабай Айкөркемнің анасы Алданова Айгерім Орысбайқызымен кездесу өткізілді.
Кездесуге мектеп директоры, директор орынбасарлары, арнайы педагогтар, психолог, сынып жетекшісі, пән мұғалімі қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. Үйден оқитын оқушының оқу жетістіктері, мінез-құлық ерекшеліктері және бейімделу жағдайы.
2. Сабақтардың өту барысы, қатысу деңгейі және нәтижелері.
3. Пән мұғалімдерінің ұсыныстары мен баланың оқу процесінде кездесетін қиындықтары.
4. Ата-анамен бірлесе жұмыс жүргізу жолдары, үй жағдайында қолдау көрсету тәсілдері.
5. Жеке оқу бағдарламаларының орындалу барысы.
Кездесу қорытындысы бойынша ата-анаға бірқатар ұсыныстар берілді және мектеп тарапынан қолдау шаралары белгіленді.




