⚜️ №5 мектеп-лицейі “Адал азамат-біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні” қарсаңында 9-10 сынып оқушылармен іс-шара ұйымдастырылды.
♻️ Мақсаты:Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
👩🏻⚕️ Іс-шараға Шалқар аудандық ауруханасының дәрігері эпидемиолог-Ж.Қ.Үмбетова қатысты.
🧪 Оқушыларға ВИЧ-инфекциясының берілу жолдары,алдын алу шаралары және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді.Топтық жұмыс арқылы оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып,өз ойларын қағаз бетіне түсірді.
АИТВ (ВИЧ) жұғу жолдары-бұл вирус адам ағзасына белгілі бір жағдайларда ғана жұғады.
🦠 Жақын қарым-қатынас арқылы;
🦠 Қан арқылы;
🦠 Анадан балаға.
📌 Есіңізде болсын:ең бастысы сіздің қандай әлеуметтік топқа жататыныңыз я болмаса кімдермен араласатыныңыз емес, өзіңіз үшін қандай жолды таңдап алатыныңыз маңызды екенін естен шығармаңыз!
Қатысқан оқушылар саны:105.
Мектеп медбикелері:С.А.Кулимова,А.М.Райымова.