2025 жылдың 1-10 желтоқсан аралығында «Тарихтан тағылым, болашаққа сенім» атты
тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізіледі.
Апталық барысында түрлі сайыстар, зияткерлік ойындар, көрмелер мен танымдық шаралар ұйымдастырылады.
Мақсаты:
1. Оқушылардың тарихи білімін тереңдету
2. Қазақстан және әлем тарихындағы маңызды оқиғалар, тұлғалар, мәдениет туралы түсініктерін кеңейту.
3. Тарихи ойлау қабілетін дамыту
4. Ұлттық құндылықтар мен патриоттық сезімді нығайту
5. Отан тарихына қызығушылық ояту, ұлттық рухты, елжандылықты тәрбиелеу.
6. Зерттеушілік қабілеттерді жетілдіру:
– Жоба, презентация, эссе, баяндама арқылы тарихи деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
7. Шығармашылық белсенділікті арттыру
– Викторина, сайыс, көрме, инсценировка, буклет дайындау сияқты іс-шаралар арқылы оқушылардың шығармашылығын қолдау.
Барлықтарыңызды апталықтың жоспары бойынша іс-шараларға белсендікпен қатысуға шықырамыз
