№5 мектеп-лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 9,10,11 сынып оқушылары арасында 80–90 жылдардың хит әндеріне заманауи және классикалық стильдегі билерден тұратын әсерлі би байқауы өтті.
Шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сахналық мәдениетін арттыру және топтық жұмыс дағдыларын нығайту.
🏆 Бағалау критерийлері:
• Би техникасы – қимылдардың үйлесімділігі мен кәсібилігі;
• Сахналық образ – костюм, мәнер, стиль;
• Шығармашылық көзқарас – ерекше қойылым мен өзіндік ерекшелік;
• Көрерменмен байланыс – эмоция мен атмосфераны жеткізу.
Байқау қорытындысы бойынша:
🔰 9 «А» сыныбы – «Ең креативті қойылым»
🔰 9 «Б» және 9 «В» сыныптары – «Үздік ретро би – 2025»
🔰 10 «А» сыныбы – «Ең үздік костюм»
🔰 10 «Б» сыныбы – «Ең әсерлі сахналық шоу»
🔰 10 «В» сыныбы – «Ең стильді топ»
🔰 11 «Б» сыныбы – «Көркем сахналық мәдениет»
💫 Байқауға қатысқан барлық сыныптарға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!
80–90 жылдардың әуенімен өрілген бұл көңілді кеш оқушыларға ерекше шабыт сыйлап, таланттарын танытуға мүмкіндік берді.
Жауапты: М.С.Досмағамбетова
