Skip to content

2025 жылдың 28 қараша күні түрлі-түсті стақандар арқылы “Кеңістікті бағдарлау…

2025 жылдың 28 қараша күні
түрлі-түсті стақандар арқылы “Кеңістікті бағдарлау және көз–қол координациясын дамыту ойыны” жүргізілді. ✋👀
Мақсаты:Балалардың ұсақ моторикасын, қозғалыс дәлдігін, кеңістіктік бағыт-бағдарын, түстерді ажырату қабілетін және назар тұрақтылығын дамыту.📚
Өткізу форматы:Жеке ойындық жаттығу. Түрлі-түсті пластик стақандар мен карандаштарды пайдалану.
Ойын барысы:
1. Баланың алдына әртүрлі түсті стақандар орналастырылды.
2. Оқушы берілген нұсқаулық бойынша:
• қажетті түсті стақанды табу;
• стақандарды белгілі тәртіппен қою;
• екі стақан арасынан карандашты өткізу;
• қолдың дәл қимылын қолдану тапсырмаларын орындады.
3. Жаттығу барысында көз–қол координациясы, тактильді сезіну және кеңістікті қабылдау дағдылары белсенді жаттықтырылды.
4. Оқушы тапсырмаларды өз қалауымен, назарын шоғырландырып орындады.
Қорытынды:Ойын барысында бала тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Кеңістікті бағдарлау, түстерді ажырату, қол қимылының үйлесімділігі мен дәлдігі жақсарды. Ұсақ моторика мен координация дағдыларының дамуына оң әсер етті.
Қатысқан оқушылар саны: 8
Ұйымдастырушы: арнайы педагог А.Қ.Балтабаева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *