2025 жылдың 6 -наурыз күні “Ақтөбе – Дарын”өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен “Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ” облыстық жас қолөнершілер байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: Ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан қолөнерімізге деген қызығушылықты ояту, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін арттыру.Шеберлікке ,әдемілікке, өнерге баулу.
Байқауға мектебімізден 2 – оқушы өз жұмыстарын ұсынды. Нұрлан Адина 9 “А” сынып оқушысы – фетрден жасалған бұйымдар бағыты бойынша. Жақсылықова Айша 7’А” сынып оқушы – гипстен жасалған бұйымдар бағыты бойынша.
Байқау қорытындысы бойынша Нұрлан Адина I – дәрежелі ДИПЛОМ иегері атанды.
Жетекшісі: Гүлжамал Мейрамбайқызы Назарова.

