7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 7 сыныптар арасында ұйымдастырылған “Жақсылық эстафетасы” 🤾🏻♂️ атты спорттық ойын денсаулықты насихаттап, жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында өтті. Бұл шарада оқушылар командаларға бөлініп, түрлі спорттық тапсырмаларды орындап, достық және ынтымақтастықты дәріптеді. Ойын барысында олар белсенді қозғалып, денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығын түсінді. Осылайша, шара оқушылар арасында спортты сүйіп, денсаулыққа мән беру мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосты.
Қатысқан оқушы саны: 24
Ұйымдастырған әлеуметтік педагог: П.А.Бакеева
#ДенсаулықСақтау #ЖақсылықЭстафетасы #Спорт #СалауаттыӨмір
