🏫 Бүгін мектебімізде ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды. Бұл – баланың тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың тығыз байланыста болуының жарқын үлгісі.
Ата-аналар мектеп өміріне белсене араласып, оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Мұндай игі шаралар – мектеп пен отбасы арасындағы сенімді қарым-қатынастың нығаюына жол ашады.
Бала тәрбиесі – бәрімізге ортақ іс. Осы ортақ іске атсалысып, қолдау білдірген ата-аналарымызға алғысымыз шексіз:
🔻 1 «А» сынып ата-анасы – Әбдіразақ Ұ.
🔻 3 «Д» сынып ата-анасы – Аралбаева Ж.К
🔻 7 «В» сынып ата-анасы – Қалжанова Г.Т.
🔻 9 «А» сынып ата-анасы – Абенова А.Ж
Сіздердің белсенділігіңіз – барша ата-аналарға үлгі!
Бала үшін біргеміз! Тәрбие жолында тізе қосайық!

