Skip to content

​«Үздік сындарлы сабақ» номинациясы «Шамшырақ» жетекші мектеп қоғамдастығы үшін тағы…

​«Үздік сындарлы сабақ» номинациясы
«Шамшырақ» жетекші мектеп қоғамдастығы үшін тағы бір қуанышты жаңалық!
Серіктес мектебіміз — Алабас негізгі орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қанди Нұрлан Орынбасарұлы «Заманауи педагог: бастама және шығармашылық» атты аудандық байқауда ІІІ (базалық) деңгей – «Тиімді оқыту» бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қысқа мерзімді жоспар негізінде сындарлы оқытудың қағидаларын шебер қолдана отырып өткізген сабағы қазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Біз серіктес мектебіміздің жетістігін зор мақтанышпен атап өтеміз! Жетекші мектеп ретінде мұндай нәтижелер біз үшін үлкен мотивация әрі ортақ еңбек жемісі деп білеміз.
Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, кәсіби шыңдалу және жаңа белестер тілейміз!
#Шамшырақ_қоғамдастығы
#серіктесмектеп
#заманауипедагог
#сындарлыоқыту
#үздіксабақ
#Шалқарбілім
#№5мектеплицей

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *