ЖЕТЕКШІ МЕКТЕП ЖЕТІСТІГІ!
«Заманауи педагог: бастама және шығармашылық» атты аудандық байқауда №5 мектеп-лицей «Шамшырақ» педагогикалық қоғамдастығының жүйелі жұмысы мен көшбасшылық қызметі жоғары бағаланды.
Байқаудағы үш бағыт – тиімді оқыту, мұғалім көшбасшылығы және сабақты зерттеу бағытында серіктес мектептермен бірлесе отырып, кәсіби даму кеңістігін қалыптастырып, үздік нәтиже көрсетті.
Осы еңбектің нәтижесінде мектебіміз Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қ. Башановтың І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар, байқаудағы белсенділігі мен жоғары нәтижесі үшін
Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Е. Құлекенова атынан 50 000 теңгелік ақшалай СЕРТИФИКАТ табысталды.
Бұл — ұжымдық еңбектің, шығармашылық ізденістің және кәсіби қолдаудың нәтижесі!
#Шамшырақ_қоғамдастығы
#педагогикалықкөшбасшылық
#заманауипедагог
#ұжымжетістігі
#Шалқарбілім
#№5мектеплицей
#марапат2025



