Мемлекет басшысы еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті жоғары бағалай отырып, биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы орайда мектеп ұжымында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерді қолдау– біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Оқу мекемесінің тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз ету, техникалық жүйелердің тұрақты жұмысын бақылау – бәрі де жымдасып, жауапкершілікпен атқарылған тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Бүгін біз өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап, кәсібіне адалдық танытқан маманымызды «Айдың үздік қызметкері» ретінде арнайы марапатталды.
👏 Құрметті әріптесімізге шынайы ризашылығымызды білдіре отырып,
зор денсаулық, отбасы амандығы, еңбегіне жеміс пен береке тілейміз!
