Skip to content

2025 жылдың 17-21 қараша аралығында психологиялық- педагогикалық қолдау мақсатында түзету…

2025 жылдың 17-21 қараша аралығында психологиялық- педагогикалық қолдау мақсатында түзету жұмыстары жүргізілді. 🧠Баланың әрбір қадамы — үлкен жетістік.
Дефектологтың басты мақсаты — сол жетістікке жетуге жол ашу 🌈
Дефектолог жұмысының мақсаты — баланың жеке ерекшелігін ескеріп, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дамыту. 📒
Дефектологтың негізгі бағыттары
1. Диагностикалық жұмыс
• Баланың психологиялық-педагогикалық даму деңгейін анықтау.
• Зейін, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, моторика, кеңістік-уақыттық бағдар сияқты процестерін бағалау.
• Диагностика қорытындысы бойынша жеке даму бағдарламасын құру.
2. Түзете-дамыту сабақтары📚
• Танымдық процестерді (зейін, есте сақтау, ойлау) дамыту.
• Кеңістік пен уақытты бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
• Дыбысты дұрыс айтуға, сөздік қорды дамытуға бағытталған сөйлеу жұмыстары.
• Дене-қимыл (ұсақ және ірі моторика) жаттығулары, нейрожаттығулар.
• Әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды дамыту.
3. Жеке және топтық сабақтар
• Баланың жасына, ерекшелігіне, даму деңгейіне сай әдістер қолдану.
• Мектеп бағдарламасына бейімдеу, академиялық білімін қолдау.
• Сабақ динамикасын бақылау және нәтижесін тіркеу.📈
Қатысқан оқушылар саны: 13
Ұйымдастырушы: арнайы педагог А.Қ. Балтабаева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *