Skip to content

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні облыстық әдістемелік орталығы және физика…

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні облыстық әдістемелік орталығы және физика пәнінің мұғалімдер ассоциациясының ұйымдастыруымен “Цифрландыру-бүгінгі білім берудегі тың бағыт” тақырыбында Шалқар ауданының мұғалімдерінің іс- тәжірибесін тарату мақсатында облыстық семинары болып өтті. Облыстық семинарда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Тайпақова Назерке Болатовна сөз алды. Ауданнын келген мұғалімдерге сәттілік тілеп тәжірибе таратушыларға кезек берді.

1) Шалқар ауданы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Ақылбекова Дина Нұрланқызы “Мұғалім шеберлігін инновациялық үдерісте шыңдау” тақырыбында коучинг жүргізді.

2) Шалқар ауданы №5 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Бегимбаева Жумагуль Купжасаровна “Авторлық бағдарламаны құру жолдары” тақырыбында тәжірибесімен алмасты.

3) Шалқар ауданының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Муханова Ардак Куандыковна және Шалқар ауданының М. Орынбасаров атындағы негізгі орта мектебінің физика- математика пәні мұғалімі Муратов Турар Бакыткереевич “STEAM – XXI ғасыр оқушысының дағдыларын қалыптастыру құралы” тақырыбында тәжірибелерімен алмасты.

4) Шалқар ауданы Бершүгір жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Рысмағанбетова Гүлмарал Оразбағанбетқызы “Заманауи технологияларды қолдану-табысқа жетудің кілті” шебер-сынып өткізді. Қорытындылай келе семинарға қатысушы мұғалімдер тәжірибе алмасу барысында көрсетілген жұмыстар өте құнды және қажетті болғанын атып өтті. Шалқар ауданынан келген мұғалімдерге жылы лебіздерін білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *