Skip to content

🌍🕊️«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай №5 мектеп-лицейінде…

🌍🕊️«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай №5 мектеп-лицейінде «Бірлік пен татулық – ел тұғыры» атты мерекелік жиын ұйымдастырылды.

Біздің мектебімізде тарихи кезеңдерде тағдыр тоғыстырған түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, достық пен өзара түсіністікті ту етіп, шәкірттер білім алуда, ұстаздар сапалы қызмет етуде.

Мектеп директоры Әбдіғапарова Әлия Пәуединқызы барша ұжым мен ата-аналарды, шәкірттерді айтулы мерекемен құттықтап, ел игілігі жолында және жас ұрпақты тәрбиелеуде бірлесе қызмет етуге шақырды.

Шараға ардагер ұстаздар – Рахима Құттығұлқызы, Дияр Вазихович және Сайлаубек Елманұлы құрметті қонақ ретінде қатысты.

Мереке аясында «Бірлік алаңы» атты ұстаздар мен ата-аналар арасында көрме ұйымдастырылды.
Оқушылар жүрекжарды құттықтауларын жолдап, әсерлі өнер көрсетті.
7 «А» және 7 «Б» сынып оқушыларының орындауында «Менің Қазақстаным» әні шырқалды.

Бір тудың астындағы ұлттар достығы мен ынтымағы көрініс тауып, оқушылар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жауаптылар:
7 «А» – Б.А. Сатыбалдин,
7 «Б» – Д.А. Карастекова.
*#БірліккүніменАқтөбе2025, #БірлікҚХААқтөбе2025*

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *