2025 жылдың 30 сәуір күні мектеп асханасына бракераждық комиссия тарапынан жоспарлы бақылау жүргізілді. Комиссия мүшелері ас мәзіріне сәйкес дайындалған тағамдардың сапасын, дәмін, иісін және санитарлық талаптарға сәйкестігін тексерді.
Нәтижесінде:
• Тағамдардың сапасы қанағаттанарлық деп танылды;
• Санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелері сақталған;
• Ас мәзірі бекітілген талаптарға сәйкес келеді.
Оқушылардың дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету — біздің басты міндетіміз!
#мектепасханасы #бракераждықкомиссия #оқушылардыңтамақтануы #денсаулық

