Skip to content

Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,…

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі қауіпсіз іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында 4, 9, 11-сынып түлектеріне арналған 2024–2025 оқу жылындағы “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мерекелік, мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі жағдайлар ескертіледі!

Е Р Е Ж Е :

✔️ Сыйлықсыз немесе ақшасыз алғыс айту тек ризашылық сөздермен және алғыс хаттармен шектелуі тиіс.
✔️ Іс-шара кезінде мектеп аумағынан рұқсатсыз шығуға қатаң тыйым салынады.
✔️ Сынып жетекшілері әр оқушының қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен тұрақты байланыста болуы қажет.
✔️ Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдануға, әсіресе видео түсіру немесе әлеуметтік желіге жүктеуге шектеу қойылады.
✔️ Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттерге — дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау — жол берілмейді.
✔️ Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген әрекет (фото/видео, киім, декор, т.б.) алдымен мектеп әкімшілігімен келісілуі тиіс.

Қ А Т А Ң Т Ы Й Ы М С А Л Ы Н А Д Ы :

📌 4, 9, 11-сынып оқушыларынан ақша жинауға;
📌 Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға;
📌 Білім беру ұйымдары мен мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
📌 Мектептің жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинауға;
📌 Отшашу, фейерверк, автокөлік шеру сияқты қауіп тудыратын әрекеттерді ұйымдастыруға;
📌 Сынып ішінде дастархан жаюға немесе ата-аналардан қосымша ақша талап етуге.

Бұл шектеулер — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

Қ А Т А Ң С А Қ Т А Л У Ы Т И І С Т А Л А П Т А Р :

✅ “Соңғы қоңырау” шарасына тек оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады;
✅ Барлық білім алушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;
✅ Сынып жетекшілер іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті қадағалайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *