7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Бұл – ерлік пен елдікке толы, жүректе рухты оятатын ұлы мереке.
Отанды сүю – жүректен, ал оны қорғау – ержүрек азаматтың парызы.
Бүгін – ел қорғаны болған әрбір азаматқа алғыс айтатын,
еліміздің бейбіт аспанын күзеткен жандарды ұлықтайтын күн.
Мектебімізде де болашақ сарбаздар – білімді, намысты, отаншыл ұл-қыздар өсіп келеді.
Біз оларды патриоттық рухта тәрбиелеуді басты міндетіміз деп білеміз.
Барша ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Тәуелсіздік тұғыры биік болғай!

